$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтауда ер адам облыс әкімдігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртемек болды

Редакция
05 желтоқсан 2024 09:46 3973
Ақтауда ер адам облыс әкімдігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртемек болды Сурет авторы: lada.kz

Ақтау қаласында облыс әкімдігі ғимаратының алдында ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол аймақтағы аутстаффингтік компаниялардың бірінде жұмыс істеген, деп хабарлады Lada.kz.

5 желтоқсанда Е. есімді азамат Маңғыстау облысы әкімдігіне келіп, облыс әкімінің қабылдауын талап еткен. Әкімдік қызметкерлері азаматқа сол күні әкімнің жеке қабылдау өткізбейтінін түсіндіріп, қабылдау кестесіне сәйкес белгіленген күні келуді сұрады.

Осыдан кейін Е.-ні Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдады. Алайда ол бұл қабылдауға қанағаттанбай, өзіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберді.

Әкімдік пен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт тез сөндірілді. Жедел жәрдем шақыртылып, келгенше зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар