$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төлеуге келісті

Абдрахманов Мағжан
16 сәуір 2026, 09:27
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төлеуге келісті Сурет авторы: ҚР ТЖМ

Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағына байланысты Ресей Әзербайжанға өтемақы төлеуге келісті. Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрліктері бірлескен мәлімдемеде хабарлады.

Мәліметке сәйкес, мәселе 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде шешілген. Мәлімдемеде апаттың себебі Ресей әуе кеңістігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің кездейсоқ іске қосылуы болғаны айтылған.

Апат 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған. Баку–Грозный бағытымен ұшқан Embraer 190 ұшағында 67 адам болған: 42-сі Әзербайжан, 16-сы Ресей, алтауы Қазақстан, үшеуі Қырғызстан азаматтары.

Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған.

Соңғы жаңалықтар