$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша нақты жауап жыл аяғына дейін дайын болады

Редакция
19 ақпан 2025 03:25 3796
Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша нақты жауап жыл аяғына дейін дайын болады Сурет авторы: Азамат Сәрсенбаев

Қазақстанның Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы 2025 жылдың желтоқсанына дейін жарияланатынын мәлімдеді.

Вице-министр Талғат Ластаевтың айтуынша, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкес, тергеу жұмыстары бір жыл ішінде аяқталуы тиіс.

"Сондықтан бұл оқиғаның тергеу қорытындысы желтоқсанға дейін дайын болуы керек", – деді ол үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Ластаев қылмыстық тергеу жұмыстары прокуратура құзыретіне жатады, сондықтан бұл мәселеге қатысты нақты мерзімдерді сол органдар белгілейді деп толықтырды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау әуежайына жақын маңда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, олардың 38-і қаза тауып, 29 адам аман қалды. Қайтыс болғандар арасында алты қазақстандық азамат бар.

Соңғы жаңалықтар