$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Редакция
06 қаңтар 2025 02:23 1789
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады Сурет авторы: ТЖМ

Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі Кямаледдин Гейдаров Ақтау маңында AZAL ұшағының апат орнында жұмыс істеген қазақстандық құтқарушыларды "Ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен марапаттады.

Марапатталғандар:

  • Азамат Сейталин,
  • Тимур Аминов,
  • Қани Айдаров,
  • Саясат Қараев,
  • Мәжит Кенжегалиев,
  • Азымбек Құлханов,
  • Ербол Құзьмабаев,
  • Наурызбек Мендібаев,
  • Ардақ Нұғыманов,
  • Айман Тілеубергенова.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Баку–Грозный бағыты бойынша ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары болған. Жалпы, 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған ұшақ апатынан 38 адам, оның ішінде алты қазақстандық қаза тапты. 29 адам, соның ішінде екі бортсерік, аман қалды.

Соңғы жаңалықтар