$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилияға жіберіледі

Редакция
30 желтоқсан 2024 01:30 3834
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилияға жіберіледі Сурет авторы: ҚР ТЖМ

ҚР Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, қара жәшіктер Бразилиядағы авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберіледі. Бұл орталық Embraer ұшағының өндіруші елі ретінде қажетті техникалық мүмкіндіктерге және сертификатталған зертханаға ие.

Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес, тергеу жүргізіп жатқан мемлекет қара жәшіктерді оқып шығу процесін ұйымдастырады. Осы құжат пен ИКАО ұсыныстары негізінде, сондай-ақ Әзербайжан және Ресей авиация биліктерімен кеңесулерден кейін Қазақстан Бразилияны таңдау туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар