$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтау әуежайында ұшақ апатқа ұшырады

Редакция
25 желтоқсан 2024 04:17 4073
Ақтау әуежайында ұшақ апатқа ұшырады Сурет авторы: Видеодан кадр

Болжам бойынша, Баку қаласынан Грозныйға ұшып бара жатқан “Әзербайжан әуе желілерінің” жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Құтқару бөлімшелері ұшақты сөндіру жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тірі қалғандар бар.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында республикалық жедел штаб құрылды. Қоғаммен байланыс үшін “жедел желі” телефоны іске қосылды:

8/7292/319099

Соңғы жаңалықтар