$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Ақшалай “Құпия Санта”: қазақстандықтар бір-біріне ақша аударып жатыр

Редакция
10 желтоқсан 2025, 11:08
Ақшалай “Құпия Санта”: қазақстандықтар бір-біріне ақша аударып жатыр Сурет авторы: Qrnews

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар банк қолданбаларынан түскен ақша туралы скриншоттар жариялап жатыр.  Кей фотоларда ондаған мың теңге, ал кейбірінде миллионнан астам қаражаттың түскені көрсетілген. Пайдаланушылар бір-біріне ақша аударып, осылайша табысты көбейтуге болады деп шақырып, ақшалай “Құпия Санта” ойынын таратуда, деп хабарлайды Nur.kz

Бұл трендке Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, егер азаматтың есепшотына үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, әрі жалпы сомасы 12 айлық есептік көрсеткіштен асса, банк ол адам туралы мәліметті МКК-ге жібере алады. Бұл операциялар жеке кәсіпкерлік табысының белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Пресс-қызмет банктер осындай критерийлерге сәйкес келетін азаматтардың деректерін ғана жолдайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар