$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

АҚШ-тың жаңа президенті — Дональд Трамп

Редакция
06 қараша 2024 04:51 4064
АҚШ-тың жаңа президенті — Дональд Трамп

АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесінде Дональд Трамп жеңіске жетті. Халық пен сайлаушылардың қолдауына ие болған Трамп енді өз қызметін екінші мерзімге жалғастырмақ. Оның сайлауалды бағдарламасында экономика мен ұлттық қауіпсіздікке басымдық беріліп, АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын күшейтуге бағытталған жоспарлар ұсынылған еді.

Трамптың жеңісі оның жақтастары үшін үлкен жеңіс болып табылады, ал әлемдік қауымдастық алдағы төрт жылда АҚШ саясатының қалай өрбитінін қызығушылықпен бақылауда.

Fox News телеарнасының мәлімдемесінде Трамп 277 сайлаушы дауысын жинайды, бұл оның президенттік сайлаудағы жеңісін білдіреді.

Соңғы жаңалықтар