$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

АҚШ-тан қазақстандықтардың жаппай депортацияланатыны туралы ақпаратқа СІМ жауап берді

Редакция
30 қаңтар 2025 03:29 3311
АҚШ-тан қазақстандықтардың жаппай депортацияланатыны туралы ақпаратқа СІМ жауап берді Сурет авторы: Cronos.Asia

Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде АҚШ-тың жаңа президентінің көші-қон саясатына байланысты мыңдаған заңсыз мигранттың депортацияланатыны туралы ақпарат кеңінен таралып жатыр. Бұл жаңалықтың негізгі дереккөзі ретінде Fox News арнасы көрсетілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ақпаратты тексеру барысында Fox News бұл жаңалықты 2024 жылғы 11 желтоқсанда жариялағаны анықталған. Сондықтан бұл мәлімет АҚШ-тың жаңа көші-қон саясатына ешқандай қатысы жоқ.

"Жарияланған ақпаратта 369 қазақстандық азаматтың депортацияланатыны туралы айтылған. Алайда бұл әр елде күнделікті жүргізілетін көші-қон шараларының бір бөлігі. Сондықтан мұндай жағдайларда жергілікті билік өкілдері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне хабарлауға міндетті емес", – деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар