$ 487.17 € 565.65 ₽ 6.72

АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза болғаны белгілі болды

Редакция
16 маусым 2026, 13:09
АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза болғаны белгілі болды Сурет авторы: Bostonglobe2/threads

 Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, америкалық құқық қорғау органдары табылған мәйітке жүргізілген сәйкестендіру жұмыстарын аяқтап, оның Әсет Құралбай екенін анықтаған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта дипломаттар марқұмның туыстарымен және АҚШ-тың тиісті мекемелерімен байланыс орнатып, қажетті консулдық қолдау көрсетуде.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та табылған мәйіт Қазақстан азаматына тиесілі болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Сараптамалар мен тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін қаза болған адамның Әсет Құралбай екені ресми түрде нақтыланды.

Еске салайық, 24 жастағы Әсет Құралбай АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго маңында тұрған. Ол маусым айының басында байланысқа шықпай қалғаннан кейін іздеу жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар