$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

АҚШ-қа тікелей әуе рейсі 2025 жылдың соңында ашылуы мүмкін

Редакция
28 тамыз 2024 06:01 3168
АҚШ-қа тікелей әуе рейсі 2025 жылдың соңында ашылуы мүмкін Сурет авторы: caravan.kz

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Монреаль қаласында ИКАО-ның 14-аэронавигациялық конференциясына  қатысты. Осы сапар аясында АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) басшылығымен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады. Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланды. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет арындалады деп көзделген. 

Биылғы 26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады.

Соңғы жаңалықтар