$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ақордада ауыс-түйіс: ҰҚК төрағасының орынбасарлары лауазымдарынан босатылды

Редакция
16 қыркүйек 2024, 01:46
Ақордада ауыс-түйіс: ҰҚК төрағасының орынбасарлары лауазымдарынан босатылды Сурет авторы: Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан Президенті өз жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты.

"Сейсембаев Руслан Темірғалиұлы Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары – террорға қарсы қызмет бастығы қызметінен босатылды; Әмірханов Асқар Баймерденұлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды", – делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Сейсембаев пен Әмірханов бұл қызметтерді 2023 жылдың сәуірінен бастап атқарды.



Соңғы жаңалықтар