$ 482.33 € 557.57 ₽ 5.74

Ақмола облысындағы Ақсу кенішінен жұмысшының мәйіті табылды

Редакция
25 наурыз 2026, 12:35
Ақмола облысындағы Ақсу кенішінен жұмысшының мәйіті табылды Сурет авторы: Anadolu

Ақмола облысындағы Ақсу кенішінің аумағында жұмысшының өліміне байланысты ресми тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.kz. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес іс қозғалды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға суицид фактісі бойынша тіркелген. Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үстінде.

Өңірлік еңбек инспекциясы департаменті бұл оқиға туралы хабардың 2026 жылғы 24 наурызда «АК Алтыналмас» АҚ өкілдігінен түскенін растады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті аталған факті бойынша арнайы тергеу тағайындап, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, бұл өңірдегі шахталарда соңғы уақытта тіркелген үшінші қайғылы жағдай. Бұған дейін Бестөбе кентіндегі шахтадан ер адамның мәйіті табылса, тағы бір оқиғада заңсыз кен іздеушілер арасында шахта опырылып, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алған болатын.

Соңғы жаңалықтар