$ 502.6 € 589.95 ₽ 6.5

Ақмола облысында ер адам ата-анасы мен қарындасын өлтірді деген күдікке ілінді

Абдрахманов Мағжан
02 наурыз 2026, 15:40
Ақмола облысында ер адам ата-анасы мен қарындасын өлтірді деген күдікке ілінді Сурет авторы: depositphotos

Ақмола облысының Жібек жолы ауылында ауыр қылмыс тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам анасы, әкесі және қарындасын өлтірген. Кейбір жазбаларда мәйіттер үй маңындағы аумақтан табылғаны айтылған.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша күдікті ұсталды. Іс басшылықтың бақылауында, – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға күдіктінің психикалық жағдайы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар