$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Ақмола облысында бөгет жарылды

Абдрахманов Мағжан
06 сәуір 2026, 09:38
Ақмола облысында бөгет жарылды Сурет авторы: gov.kz

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Сабынды ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан «Шөптікөл» бөгеті жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.

Салдарын жою жұмыстарына ТЖМ күштері, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта бөгетті бекіту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бөгет жарылғаннан кейін су егістік алқаптар арқылы елді мекен бағытына қарай жайылып, Астана – Қорғалжын республикалық автожолының 75-шақырымын кесіп өтуде.

Алайда жолдың үстінен су асуына жол берілмеген. Су өткізу құбыры штаттық режимде жұмыс істеп, суды толық өткізіп жатыр. Жол шайылмаған және бүлінбеген.

Қазіргі уақытта жол қызметтері республикалық маңызы бар автожолды сақтау үшін жедел шаралар қабылдауда. Жұмысқа 14 арнайы техника мен 30-дан астам жол қызметкері тартылған. Инертті материалдар дайындалып, жеткізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар