$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметінде қалды

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 12:29
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметінде қалды Сурет авторы: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақмарал Әлназарова Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды.

Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мақұлдаған.

Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметіне алғаш рет 2024 жылғы ақпанда тағайындалған. Оған дейін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарған, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары және Қызылорда медициналық колледжінің директоры болған.

Сондай-ақ 2020-2024 жылдары Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарған.

Ақмарал Әлназарова педиатр және экономист мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Медицина ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігер болып бастаған.

Соңғы жаңалықтар