$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

Әке мен билік арасындағы шешім, Байден ұлына “рақымшылық” жасады

Редакция
02 желтоқсан 2024 03:30 3421
Әке мен билік арасындағы шешім, Байден ұлына “рақымшылық” жасады Сурет авторы: Reuters

АҚШ президенті Джо Байден салық және қару-жарақ қылмыстары бойынша бас бостандығынан айыру қаупі төнген ұлы Хантер Байденге кешірім жасады, деп хабарлайды CNN.

Әкесінің рақымшылығы Хантер Байденді барлық айыптаулардан, соның ішінде салық төлеуден жалтарудан және қару-жарақты заңсыз сатып алу бойынша жауапкершіліктен босатады. Сонымен қатар, 2014 жылдан 2024 жылға дейін жасаған кез келген федералды қылмыстарын, соның ішінде Украинаның Burisma компаниясындағы жұмысын және Қытаймен іскерлік байланысын да қамтиды.

Джо Байден өз мәлімдемесінде Хантерді қудалауды әділетсіз және саяси астары бар деп атады.

"Бұл іс бастапқыда менің ұлыма емес, менің беделіме нұқсан келтіру үшін болды", - деді ол.

Джо Байденнің ұлына рақымшылық жасауы сынға ұшырады. Республикашылдар Байден бұрын ұлының істеріне араласпауға уәде бергенін еске салды. Дональд Трамп бұл қадамды "билікті өрескел теріс пайдалану" деп атады. 

Байден бұл қадамы туралы “Хантер бұл істе менің ұлым болғандықтан ғана ерекшеленді, дұрыс емес”,- деп пікір білдірді. Оған қоса “Хантердің сағын сындыру арқылы, олар мені де сындыруға тырысты - мұнымен бәрі аяталды деп болжай алмаймыз”,- деп түйіндеді қазіргі президент.

 

Соңғы жаңалықтар