$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Air Astana-ның бұрынғы басшысы айына шамамен 57 млн теңге сыйақы алған

Абдрахманов Мағжан
31 тамыз 2026, 17:55
Air Astana-ның бұрынғы басшысы айына шамамен 57 млн теңге сыйақы алған Сурет авторы: Air Astana

Air Astana-ның бұрынғы бас директоры Питер Фостер 2025 жылы айына орта есеппен шамамен 57,6 млн теңге сыйақы алған. Бұл әуе компаниясының қаржы есептілігіндегі деректерден шығады.

Компанияның есептілігіне сәйкес, басқарма мүшелеріне бір жыл ішінде 691,4 млн теңге сыйақы төленген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31,6%-ға көп.

Сол кезеңде басқарма құрамында компанияның бұрынғы бас директоры Питер Фостер ғана болғаны көрсетілген. 691,4 млн теңгені 12 айға бөлгенде, оның ай сайынғы орташа сыйақысы шамамен 57,6 млн теңгені құрайды.

Бұл ретте компанияның табысы төмендеген. Соған қарамастан, басқарма мүшелеріне төленген сыйақы көлемі бір жыл ішінде өскен.

Соңғы жаңалықтар