$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Air Astana Иранды айналып ұшатын жаңа маршруттарды енгізді

Редакция
15 қаңтар 2026, 08:56
Air Astana Иранды айналып ұшатын жаңа маршруттарды енгізді Сурет авторы: Air Astana

Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігі жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы кейбір халықаралық бағыттар бойынша ұшу маршруттарын өзгертетінін хабарлады. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина қалаларына бағытталған рейстер Иран аумағын айналып өту арқылы орындалады. Бұл өзгерістер тұрақты рейстерге де, чартерлік рейстерге де қатысты. Әуе кеңістігін айналып өту ұшу ұзақтығына және ұшу кестесіне әсер етуі мүмкін екені нақтыланды.

Осыған байланысты Air Astana жолаушыларға ұшу және қону уақытындағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, рейстердің статусын алдын ала тексеріп отыруды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар