$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Аида Балаева вице-премьер болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
01 желтоқсан 2025 10:17 532
Аида Балаева вице-премьер болып тағайындалды Сурет авторы: Ақорда

Аида Балаева Қазақстан Республикасының вице-премьері – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Балаеваның кандидатурасын Мәжіліс депутаттары мақұлдаған.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

Ол бұған дейін Президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ақпарат және қоғамдық даму министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қыркүйегінен бері Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар