$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
31 тамыз 2026, 14:10
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды Сурет авторы: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Балаева 2025 жылғы желтоқсанда Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалған. Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметтерінде болды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы – Президент. Кеңестің құрамын да Мемлекет басшысы қалыптастырады.

Балаева 2014–2019 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарған, кейін Президент көмекшісі қызметін атқарған. Ол – әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Соңғы жаңалықтар