$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

АЭС құрылысын кім жүргізеді: компаниялардың шорт-листі жарияланды

Редакция
31 қаңтар 2025 10:11 2283
АЭС құрылысын кім жүргізеді: компаниялардың шорт-листі жарияланды Сурет авторы: depositphotos

Қазақстан атом электр станциясын салу бойынша технологияларды жеткізушілермен келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, төрт компания шорт-листке енді: ресейлік «Росатом», кореялық KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF.

«2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар АЭС салуға ниетті компаниялардың ұсыныстарын бағалау мақсатындағы келіссөздердің соңғы кезеңі болды. Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айларында делегация Корея Республикасына, Францияға және Қытайға барып, олардың ұсыныстарын талқылаған болатын», – деп хабарлады министрлік.

Осы төрт компанияның біреуі немесе консорциумы АЭС құрылысын жүзеге асыратын болады. Алайда әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Қазақстан билігі жобаны іске асыру бойынша түпкілікті шешімді 2025 жылы қабылдайды. Бұл шешім елдің ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қабылданатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар