$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

АЭС құрылысы бойынша арнайы комиссия құрылады

Редакция
30 қазан 2024 03:57 1472
АЭС құрылысы бойынша арнайы комиссия құрылады Сурет авторы: gov.kz

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

«Конкурстық процеске қатысушылармен ашық бәсекелі диалогты бастайтын арнайы үкіметтік комиссия құрылатын болады», – деді Сәтқалиев Kazinform агенттігіне.

Министрдің айтуынша, алдын ала консультациялар басталып кетті. Қазақстандық делегация Қытай мен Оңтүстік Кореяға сапарлап, өз талаптарын ұсынған. Олардың қатарында электр энергиясының құны, құрылыстың өзіндік құны, бюджеттің шеңберінде уақытылы аяқтау кепілдіктері бар. Ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі, әлеуметтік пакеттер, қаржыландыруды қамтамасыз ету, отын өндірісін жергілікті жерде ұйымдастыру.

Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС құрылысына қатысты консорциумды құру туралы шешім 2025 жылы қабылданатынын айтқан болатын. Осы кезде құжаттар әзірленіп, мердігер мен жобалаушы компаниялар анықталады. Консорциумда бес елден аспайтын әртүрлі субмердігерлік компаниялар құрылысқа қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар