$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

АЭС-ке атау беру байқауы: қандай талаптар қойылады?

Абдрахманов Мағжан
24 қыркүйек 2025 13:08 365
АЭС-ке атау беру байқауы: қандай талаптар қойылады? Сурет авторы: depositphotos

Ертең, 25 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша ұлттық конкурс басталады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.

Ведомство бекіткен ережелерге сәйкес, атау қазақ немесе орыс тілінде болуы тиіс. Ұзындығы – 30 таңбадан аспауы керек. Әр қатысушы тек бір ғана нұсқа ұсына алады. Сонымен қатар ұсынылған атауға қысқаша түсіндірме қоса беруге рұқсат (1000 таңбаға дейін).

Агенттік ескерткеніндей, атауда қорлайтын, кемсітетін, саяси, діни немесе коммерциялық сипаттағы сөздер қолдануға тыйым салынады.

Комиссия бағалау барысында атаудың танымалдығына, тарихи және мәдени маңызына, саланың имиджіне сәйкестігіне (қауіпсіздік пен заманауилық), әуезділігіне, бірегейлігіне және есте сақталу жеңілдігіне баса назар аударады.

Соңғы жаңалықтар