$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Адыраспан үшін 20 жылға түрмеге тоғытылуыңыз мүмкін, елшілік мәлімдеме жасады

Редакция
03 қазан 2024 04:16 5000
Адыраспан үшін 20 жылға түрмеге тоғытылуыңыз мүмкін, елшілік мәлімдеме жасады Сурет авторы: Фото: bukhara-news.uz

Елімізде емдік мақсатта пайдаланып келген шөп түріне көршілес Ресей тиым салды.  Адыраспан тасымалдаған Қазақстан азаматтары Ресейде жиырма жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Өйткені ресейлік заң өкілдері құрамында гармин атты галлюциногенді зат болғандықтан оны есірткі ретінде пайдалануы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі шекарадан адыраспан алып өтпек болған азаматтардың ұсталуының жиілегенін хабарлады. Адыраспан ала барған азаматтарға кемінде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 1 млн рубль, яғни бес млн теңгеге дейін айыппұл және 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар