$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Адвокат Перизат Қайратты не үшін ақтау керек екенін айтты

Абдрахманов Мағжан
11 тамыз 2025 11:04 369
Адвокат Перизат Қайратты не үшін ақтау керек екенін айтты Сурет авторы: Instagram/ 1pk

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша апелляциялық шағым түсірілді. Бұл ақпаратты Informburo.kz сайтына олардың қорғаушысы Асланбек Дәулетияров растады.

"Апелляциялық шағымда үкімді жоюды және (Қайрат пен Алашбаеваны – ред.) ақтауды сұрадым. Өйткені олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ", – деді адвокат.

Бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылып, «Шапағат» медалінен (қайырымдылық пен мейірімділік үшін берілетін мемлекеттік награда) айырылған еді.

Сондай-ақ сот үкімі бойынша, Перизат Қайрат пен оның анасы 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге материалдық шығынды өтеуі тиіс. Бұдан бөлек, әрқайсысы 22 млн теңге мемлекеттік баж салығын және 698 мың теңгеден сот шығындарын төлеуге міндеттелген.

Соңғы жаңалықтар