$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

Әділет Зейнел Ұлдана Мырзуанның ісінде жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Абдрахманов Мағжан
18 тамыз 2026, 17:47
Әділет Зейнел Ұлдана Мырзуанның ісінде жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ Сурет авторы: youtube.com/Народная партия Казахстана

Әділет Зейнел Астанада қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ. Бұл туралы оның адвокаты Марат Мауметов айтты.

Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот басталды. Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші мәртебесінен бас тарту – Әділет Зейнелдің өз шешімі. Егер судья өтінішті қанағаттандырса, ол бұдан былай сот отырыстарына қатыспайды.

Ал Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының мұндай шешім қабылдағанын журналистерден естігенін айтты.

«Бөтен адамдар сияқты мүлде амандаспады», – деді марқұмның анасы.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің қасбетінен бөлшек құлап, Ұлдана Мырзуан ауыр жарақат алған. Ол 10 күн жансақтау бөлімінде жатып, 18 қарашада көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар