$ 484.78 € 558.66 ₽ 6.6

ӘЧ-2026 қарсаңында АҚШ Федералдық тергеу бюросы маңызды ескерту жасады

Редакция
08 маусым 2026, 16:58
ӘЧ-2026 қарсаңында АҚШ Федералдық тергеу бюросы маңызды ескерту жасады Сурет авторы: Казинформ

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы 2026 жылы елде өтетін футболдан әлем чемпионаты кезінде дрон иелерін әуе кеңістігінің ережерлін сақтауға шақырды.

Мұндай шектеулер жаппай жиналатын іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне байланысты енгізілуде.

ФТБ мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ондаған құқық қорғау органы қызметтері тартылған. Олар рұқсатсыз ұшырылған дрондарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша арнайы дайындықтан өткен. Белгіленген талаптарды бұзғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Шұғыла Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар