$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды

Редакция
15 мамыр 2024 04:42 2398
Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды Сурет авторы: РИА Новости / Владимир Третьяков

2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, деп хабарлайды Антикор.

Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. 

Биыл 15 мамырда ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді.

Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Былтыр шілдеде Әблязовтың сыбайласы, оның ағасы Қуаныш Нұрғазин Алматы әуежайында ұсталған болатын. Антикор оның 12 жыл бойы Литвада жасырынып жүргенін, ал өткен жылы Қазақстанға оралғысы келетінін жеткізгенін хабарлаған болатны.

Соңғы жаңалықтар