$ 494.75 € 586.77 ₽ 6.38

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Абдрахманов Мағжан
09 ақпан 2026, 16:17
Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды Сурет авторы: gov.kz

Абай облысында Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы сот материалдарына сілтеме жасаған қадағалау органдары хабарлады.

Соттың анықтауынша, ер адам 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың сәуіріне дейін TikTok платформасында анонимді аккаунттар ашып, террористік сипаттағы материалдар таратқан. Жазбаларында және жеке хат алмасуларында ол зорлық-зомбылықты ақтап, радикалды идеологияны қолдаған.

Прокуратураның мәліметінше, таратылған материалдар Қазақстан аумағында тыйым салынған Ислам мемлекеті ұйымының идеологиясына қатысты болған.

Сот ер адамды терроризмді насихаттау бабымен кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Осыған байланысты прокуратура өкілдері азаматтарға үндеу жасап, террористік және экстремистік мазмұндағы материалдарды тарату, қайта жариялау (репост), сондай-ақ сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Құзырлы орган өкілдері мұндай деректер белгілі болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар