$ 460.8 € 541.21 ₽ 6.13

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
28 сәуір 2026, 09:36
Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты Сурет авторы: depositphotos

Абай облысындағы «Востокцветмет» компаниясына қарасты Орлов шахтасында тау массасы опырылып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, тау жынысы опырылып, екі жұмысшы үйінді астында қалған. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі тірі табылып, медициналық көмекке жеткізілген.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Компания басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасына көңіл айтып, қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Зардап шеккен қызметкерге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар