$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Абай облысында үш адам апатты көпірден құлап көз жұмды

Редакция
17 сәуір 2025 02:10 2334
Абай облысында үш адам апатты көпірден құлап көз жұмды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Абай облысының Аягөз ауданында үш ер адам апатты жағдайда тұрған аспалы көпірден құлап, қаза тапты. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға 15 сәуір күні Ақшәулі ауылына қарасты Көкқамыр аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, шаруа қожалығының үш жұмысшысы мотоциклді ағаштан жасалған аспалы көпірден өткізбек болғанда, Қаракөл өзеніне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, көпірдің техникалық жағдайы сын көтермеген. Жағалаудан марқұмдарға тиесілі ұялы телефондар мен сырт киімдер табылған.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 16 сәуірде 1967, 1978 және 1980 жылы туған үш азаматтың денесі судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар