$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Абай облысында 8 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абдрахманов Мағжан
18 шілде 2025 17:33 173
Абай облысында 8 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды Сурет авторы: Freepik

Әйелінің 8 жасар жиенін зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Бұл туралы сот ісі облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың тамыз айында ер адам Шар қаласында әйелінің жиеніне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленуші қыздың кәмелетке толмауына байланысты сот жабық режимде өтті.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады және өзін ақтауды сұрады. Алайда сот оны Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды:

  • 124-бап, 1-бөлім – "Он алты жасқа толмаған адамға азғындық әрекет жасау";
  • 121-бап, 4-бөлім – "Кәмелетке толмаған балаға қатысты бірнеше рет жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері". 

Сонымен қатар, сотталушыға педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерге тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар