$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

900 млн теңгеге жуық шығын келтірген: АҚШ визасын рәсімдеуге уәде берген алаяқ сотталды

Абдрахманов Мағжан
22 мамыр 2026, 09:59
900 млн теңгеге жуық шығын келтірген: АҚШ визасын рәсімдеуге уәде берген алаяқ сотталды Сурет авторы: secondwindeb5.com

Қазақстанда шетел визаларын рәсімдеуге көмектесемін деп азаматтарды алдаған турфирма басшысы сотталды. Сот оны аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша кінәлі деп таныды.

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы АҚШ, Ұлыбритания және Шенген елдеріне ұзақ мерзімді виза рәсімдеуге, сондай-ақ ықтиярхат пен азаматтық алуға көмектесемін деп уәде берген. Оның әрекетінен 124 адам зардап шеккен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 896 млн теңгені құраған.

Сот айыпталушының кінәсін мойындап, өкінгенін ескеріп, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеледі.

Сонымен қатар оған 5 жыл бойы туризм және көші-қон саласында кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар