856 миллиард теңге: ШҚО-да кәсіпкерлік белсенділік жоғары даму қарқынын көрсетіп отыр
Сурет авторы: liter.kz
Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, аймақ экономикасындағы позициясын айтарлықтай нығайтты. Өңірлік Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ШОБ-тың аймақ экономикасындағы үлесі 24%-дан асып, 856 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды altainews.kz.
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша облыста 59 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, бұл салаға тартылған инвестиция көлемі 130 миллиард теңгеден асты. Бүгінде ШОБ саласы өңірдегі 157 мың тұрғынды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.
Аймақ кәсіпкерлері үшін үлкен жеңілдік жасалмақ. Осы жылдың соңына дейін Өскемен қаласында бірегей Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылады. ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаевтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау операторларының қаланың әр шетінде орналасуы бизнес өкілдеріне айтарлықтай қиындық тудырып отыр.
Жаңа хаб бұл мәселені түбегейлі шешпек. Бір алаңда «Атамекен» ҰКП, «Ертіс» ӘКК, «Даму» қоры, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта хаб үшін ғимарат таңдалып, мемлекеттік көмек алуды жеңілдететін бірегей алгоритм әзірленуде.
Шығыс Қазақстанда ауыл кәсіпкерлігін дамыту стратегиялық басымдыққа ие. Бұл бағыттағы негізгі құрал – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Өткен жылы бұл жоба аясында 1,5 миллиард теңгеге 115 бастама қаржыландырылса, оның 70%-дан астамы туризм, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларына бағытталған.
2026 жылдың 29 сәуіріндегі жағдай бойынша бағдарлама аясында 882 миллион теңгенің 48 өтінімі мақұлданды. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражат тағы 245 жаңа жобаны іске қосып, 370 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Атамекен» ҰКП ұйымдастырған республикалық тур аясында Өскеменде бизнесті ауқымдыру және франчайзинг үлгілерін енгізу бойынша ірі кәсіпкерлер кездесуі өтті. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев атап өткендей, қазіргі таңда кәсіпкерлер үшін бизнесті бастау емес, оны жүйелі түрде өсіру басты мәселеге айналған.
Сонымен қатар ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) мамандары заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдеріне қатысты маңызды ескерту жасады. МКД басқарма басшысы Сайран Уәлибекова кәсіпкерлерге жалған немесе қарыздан құтылу мақсатында әдейі жасалған банкроттық үшін қатаң санкциялар қарастырылғанын ескертті. Егер активтерді заңсыз шығару немесе тиімсіз мәмілелер жасау фактілері анықталса, компания жетекшілері банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін де өздерінің жеке мүлкімен және қаражатымен (субсидиарлық жауапкершілік) қарызды өтеуге міндеттеледі.
Ұлан ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, пельмен цехы мен ірімшік қайнату өндірісін ашқан кәсіпкерлер үшін маңызды шешім қабылданды. Аудандық прокуратура жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде санитарлық-қорғау аймағын (СҚА) рәсімдеу талаптары талқыланды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мәдина Шәкерованың мәлімдеуінше, тәулігіне 0,3 тоннаға дейін өнім шығаратын шағын қуатты нысандар үшін санитарлық-қорғау аймағын рәсімдеу талап етілмейді. Бұл шешім шағын цехтарды артық шығындар мен ұзақ құжат рәсімдеу процестерінен босатып, ауылдық жерде бизнесті дамытуды едәуір жеңілдетпек.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын