84 медаль және үш саты жоғары: Қазақстан Азия ойындарын қалай аяқтады
Сурет авторы: Спорт министрлігі
Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарын 12 алтын, 24 күміс және 48 қола – барлығы 84 медальмен аяқтап, 46 елдің арасында жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Алдыңғы, 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан 11-орын алған еді. Осылайша биыл ұлттық құрама жалпы есепте үш саты жоғары көтеріліп, алтын медаль санын да арттырды. Жарыстың жабылу салтанаты 4 қазанда өтеді.
Бокста 12 жыл күткен алтын
Қазақстан боксшылары Азия ойындарының алтынын 12 жылдан кейін қайта жеңіп алды. Бұған дейін соңғы чемпиондар 2014 жылғы Инчхон Азиадасында шыққан, ал 2018 және 2023 жылдардағы ойындарда Қазақстан бокстан алтынсыз қалған еді.
Жапонияда бұл үзілісті Төрехан Сабырхан тоқтатты. Ол 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Кейін ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай +90 келіде жеңіске жетіп, Қазақстанға бокстан екінші алтынды әкелді.
Семсерлесу, есу және таеквондода тарихи нәтиже
Сапымен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихындағы алғашқы алтынын жеңіп алды. Финалда қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасын 43:42 есебімен ұтты. Министрлік мәліметінше, Қазақстан семсерлесушілері бір маусымда Азия чемпионатын, әлем чемпионатын және Азия ойындарын жеңіп алған алғашқы құрама болды.
Академиялық есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында топ жарып, Қазақстанға осы спорт түрінен Азиададағы алғашқы алтынды әкелді.
Таеквондошы Тамирлан Тілеулес те 58 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Туризм және спорт министрлігі мұны Қазақстанның таеквондодан Азия ойындарындағы тұңғыш алтын медалі деп атады.
Луценко алтын санын алтыға жеткізді
Велошабандоз Алексей Луценко жазғы Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізді. Министрлік оны Азиададағы жеңіс саны бойынша Қазақстанның ең табысты спортшысы деп атады.
Рината Сұлтанова да жекелей жарыста жеңіске жетіп, Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында Азия ойындарының алтынын алған алғашқы спортшы атанды.
Каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева чемпион атанды. Берульцева үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші алтын.
Азиада бағдарламасына алғаш рет қосылған аралас жекпе-жекте Еркінғали Бүркітәлі мен Қадырбек Шынбаев алтын, Санжар Әділов қола медаль жеңіп алды.
Дзюдошылар бес финалда Жапониямен кездесті
Қазақстан дзюдошылары жекелей сында алғаш рет төрт финалға шықты. Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат шешуші белдесулерде жапониялық қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Аралас командалық сында да Қазақстан күміс алды. Осылайша қазақстандық дзюдошылар қатысқан бес финалдың бәрінде қарсылас Жапония құрамасының өкілдері болды.
Спорттық гимнастикада Милад Карими еркін жаттығудан күміс алып, Қазақстанға осы бағдарлама бойынша 32 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін әкелді.
Кей федерациялардағы жұмыс қайта қаралуы мүмкін
Туризм және спорт министрлігі Азиада алдында спорт федерациялары ұлттық құрамалардың нәтижесіне қатысты нақты міндеттемелер алғанын мәлімдеді. Енді ведомство сол міндеттемелердің қаншалық орындалғанын талдамақ.
Нәтижелер алдыңғы халықаралық жарыстармен салыстырылып, көрсеткіштерге әсер еткен себептер сараланады. Егер кей спорт түрлеріндегі қазіргі дайындық жүйесі күткен нәтиже бермегені анықталса, министрлік тиісті шешімдер қабылдайтынын хабарлады.
Қажет болған жағдайда жекелеген федерациялардың жұмыс тәсілдері толық қайта қаралуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
16 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
17 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
17 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
17 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
18 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
18 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
18 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
19 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
22 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
23 сағат бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
23 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
2 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын