$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

80 мың теңге үшін баласын көлікке байлап, сүйреп өлтірген

Дулат Абдраманов
30 шілде 2025 19:26 1577
40 жастағы ер адам ұлын ақша ұрлады деп күдіктеніп, көлігіне байлап сүйреп өлтірді
80 мың теңге үшін баласын көлікке байлап, сүйреп өлтірген

2025 жылдың 26 шілдесінде Тәжікстанның Турсунзаде қаласында 40 жастағы Назари Парвиз Одинаев өз ұлыннан ақша ұрлады деп күдіктенеді. Үйінде мамырда – 800 сомони, шілдеде – 600 сомони жоғалған. Шамамен 80 мың теңге.

Баласының ұрлық жасағанын мойындатқысы келген әке оны қала сыртындағы елсіз жерге апарып, көлігіне сыммен байлап, шамамен 100 метрге дейін сүйрейді.

Кейін тоқтап, баласына: «Ақшаны қайда жұмсадың? Насвай қолдандың ба?» деп сұрақтар қойып, бәрін видеоға түсіріп алады.

Кейін баланы үйінің жертөлесіне апарып тастап, анасы мен бауырларына оған жақындауға тыйым салған.

Таңертең баласының жағдайы нашарлағанын байқаған әкесі жергілікті дәрігерді шақырғанымен, ол баланың қайтыс болғанын растайды.

Соңғы жаңалықтар