$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

79 елге жол ашық: Қазақстан паспорты Орта Азияда көш бастады

Редакция
25 шілде 2025 10:39 233
79 елге жол ашық: Қазақстан паспорты Орта Азияда көш бастады Сурет авторы: nazarmedia

Қазақстан паспорты Henley Passport Index рейтингі бойынша Орталық Азияда көш бастады. Еліміздің азаматтары 79 елге визасыз немесе шекарада виза алу арқылы кіре алады.
Жаңа тізімде Қазақстан әлем бойынша 68-орынға жайғасты. Көршілер елдер болса Өзбекстан - 87, Қырғызстан - 81, Тәжікстан - 90-орыннан төмен тұр.
Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер қатарында Түркия, Таиланд, Индонезия, Сербия, Бразилия, Катар бар. Мамандар мұны виза жүйесін жеңілдету, электронды виза енгізу және елдің халықаралық беделінің артуымен байланыстырып отыр.
Henley Index- әлем елдерінің паспорттарын салыстырып, қай ел азаматтарының еркін саяхаттай алатынын көрсететін жаһандық рейтинг.

 

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар