$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

77 жастағы әже ойыны арқылы әлемді таңқалдырды (ВИДЕО)

Дулат Абдраманов
01 желтоқсан 2025, 12:21
77 жастағы әже ойыны арқылы әлемді таңқалдырды (ВИДЕО) Сурет авторы: VK / Ольга Ивановна

77 жастағы стримерша әжей Ольга Ивановна, желіде i_olga немесе «Бабушка Ольга» деген атпен танымал. Ол CS2 ойынында жасаған "эйс" үшін халықаралық NNYS номинациясына ие болды.

Эйс (ace) — бір ойыншының бір раундта қарсы команданың барлық ойыншысын жойған ерекше сәті.

NNYS номинациялары — ойын әлемінде ерекше жетістік көрсеткен, есте қаларлық сәттер жасаған стримерлерге беріледі. «Ойындағы үздік сәт» категориясы дәл осындай керемет ойын сәттері үшін тағайындалады.

Dust 2 картасында ол M4A1-S қаруымен бес қарсыласты бір раундта жойып, ойыншыларды таңғалдырған.

Оның бұл эпикалық сәтінің видеосы Reddit-те тарап, CS сабреддитінде төртінші орынға шықты.

Соңғы жаңалықтар