$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

71 жастағы ер адамнан бала туған 15 жастағы қыз ісі бойынша полицейлер тексеріледі

Абдрахманов Мағжан
22 қазан 2025 10:06 326
71 жастағы ер адамнан бала туған 15 жастағы қыз ісі бойынша полицейлер тексеріледі Сурет авторы: istock

Түркістан облысында 15 жастағы қыздың 71 жастағы ер адамнан босану ісін тергеген Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды.

Оқиға Еңбекші ауылында болған. Күдіктіге қатысты «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, полиция қызметкерлері бұл істі есептен шығарып тастаған, сол себепті ІІМ мен облыстық прокуратура олардың әрекеттерінің заңдылығын тексеруді бастады.

"Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс фактісі бойынша ІІМ және облыстық прокуратурамен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", – деп жазды Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, қыз бала биыл қаңтар айында Астанада босанған. Дәрігерлер бұл туралы дереу полицияға хабар берген. Кейін іс материалдары территориялық тергеу құзыретіне сәйкес Келес аудандық полициясына жолданған. Алайда қыздың анасы ресми арызды тек қазан айында ғана жазған.

Соңғы жаңалықтар