$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

700-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙ ТҮРМЕСІНДЕ ОТЫР (ВИДЕО)

Редакция
30 қазан 2025 15:34 175
Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев шетел түрмелерінде 958 қазақстандық жазасын өтеп жатқанын айтты.
700-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙ ТҮРМЕСІНДЕ ОТЫР (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Қойгелдиевтің айтуынша, шетелде отырған 958 қазақстандықтың 700-ден астамы Ресей түрмелерінде. Бұған қоса, елімізде 1027 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр, олардың басым көпшілігі — Өзбекстан азаматтары.

Прокурор қазақстандықтар өз жазасын елде өтеу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Алайда бұл оңай процесс емес, бірақ халықаралық келісімдер аясында мұндай мүмкіндік қарастырылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар