55 жастағы ұстаз Айгүл Ержанова 13,5 тонналық автобусты сүйреп, әлем рекордын жаңартты
Елордадағы «№1 Автобус паркі» АҚ аумағында ауыр атлетикадан әлем чемпионы, 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанованың кезекті рекорд орнату рәсімі өтті. Спортшы салмағы 13,5 тоннаны құрайтын автобусты жалғыз өзі сүйреп, әлемдік рекордты жаңартты.
Ресми іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, автопарк қызметкерлері және халықаралық дәрежедегі сарапшылар қатысты. Рекордты тіркеу алдында Азия мен Африка бойынша GLOBAL BEST RECORDS (GBR) ұйымының бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергенов техникалық құралдар мен таңдалған алаңның халықаралық талаптарға сәйкестігін тексеріп, рәсімді өткізуге ресми рұқсат берді.

Арнайы дайындықпен келген ауыр атлет бұл сынақты жоғары деңгейде орындап шықты. Айгүл Ержанова автобусты буксирлеуді сағат 09:49-да бастап, 09:50-де аяқтады. Ол 1 минут ішінде 10 метрден астам қашықтықты бағындырды. Нәтижесінде GBR ұйымының ресми өкілі Қуандық Шыңғысұлы спортшының жетістігін тіркеп, оған ұйымның алтын медалін табыс етті.
Айгүл Ержанова — спорт пен педагогика саласын қатар алып жүрген тұлға. Ол Астана қаласындағы №50 мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған.
Спорттық мансабын 1,5 жыл бұрын ғана бастағанына қарамастан, ол бүгінде ауыр атлетикадан 45 медаль иегері атанып, 8 рекорд орнатқан. Сондай-ақ ауыр жүк көліктерін сүйреу бойынша Рекордтар кітабына енген.

«№1 Автобус паркі» АҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл іс-шара қоғамда бұқаралық спортты қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау және еңбек адамдарын үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар бұл жетістіктің адамның ерік-жігері мен мақсатқа ұмтылысының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
6 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
9 сағат бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
9 сағат бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
10 сағат бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
10 сағат бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
10 сағат бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
15 сағат бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
22 сағат бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
1 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
1 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
1 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
1 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
3 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
3 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
3 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
3 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
3 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
3 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
3 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
4 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
4 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
4 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
4 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
4 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
4 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
4 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
4 күн бұрын
-
Марадона ізімен: Месси бастаған Аргентина қатарынан екінші рет финалға шықты
4 күн бұрын
-
Астанадағы қонақүйлердің бірінен нәрестенің денесі табылды
5 күн бұрын
-
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тактикасын сынға алды
5 күн бұрын
-
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
5 күн бұрын
-
Қазақстандықтар қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
5 күн бұрын
-
Қазақстанның оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық күтіледі
5 күн бұрын
-
Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалды
5 күн бұрын
-
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: Онкологтар атаған 7 қауіпті симптом
5 күн бұрын