$ 474.9 € 555.3 ₽ 6.24

5,2 млрд теңге жымқырған: Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды

Абдрахманов Мағжан
14 сәуір 2026, 15:57
5,2 млрд теңге жымқырған: Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды Сурет авторы: Liter.kz

«ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Капенов 5,2 млрд теңге көлеміндегі қаржы жымқыру ісі бойынша халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, Капенов өз қызметін пайдаланып, аффилирленген компанияларға жүк вагондарын пайдалану қызметтері бойынша заңсыз артықшылықтар берген. Соның салдарынан компанияға 5,2 млрд теңгеден астам шығын келген.

Сот күдіктіге сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Қазіргі уақытта ол халықаралық іздеуде.

Ведомство келтірілген шығынды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында бірқатар шара қабылданғанын мәлімдеді. Бас көлік прокуратурасының өтініші бойынша Астанадағы ауданаралық сот «Достық» станциясындағы терминалды мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарған.

Соңғы жаңалықтар