$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

385 мың қазақстандық өз еркімен несие алудан бас тартты

Редакция
07 маусым 2024 08:56 1481
385 мың қазақстандық өз еркімен несие алудан бас тартты Сурет авторы: quasa.io

Елімізде 385 мыңға жуық азамат өз еркімен несие алудан бас тартқан. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

Несие алудан өз еркімен бас тарту мүмкіндігі биыл ақпанда пайда болған еді. 

Оның айтуынша, несиеден ерікті түрде бас тарту туралы заңда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін қатаң жауапкершілік шаралары қарастырылған. Егер олар несие алудан ресми түрде бас тартқан тұлғаларға несие берсе, бұл қаржы институттары несиені есептен шығаруға және теріс несие тарихын несиелік бюро жүйесінен алып тастауға міндетті. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың бірінші тоқсанында берілген шағын несиелердің жалпы көлемі 525 млрд теңге болды. Шамамен 4,5 миллион келісімшарт жасалған. 2023 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеген.

"Бірақ, менің ойымша, бұл көбірек маусымдық сипатқа ие. Ерікті түрде бас тарту туралы норма несиелер санының төмендеуіне қандай да бір әсерін тигізеді деп ойламаймыз. Бұл шаралар алаяқтық операцияларының санын азайтуға бағытталған», – деп атап өтті Олжас Қизатов. 

 

Соңғы жаңалықтар