$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

3:0! «Қайрат» финдерді ұтып, келесі кезеңге шықты

Редакция
30 шілде 2025 10:40 205
3:0! «Қайрат» финдерді ұтып, келесі кезеңге шықты Сурет авторы: Vesti.kz

Алматылық Қайрат қарсыласын қапы қалдырып, келесі кезеңге жолдама алды. Финдік КуПС командасы алғашқы ойында 2:0 есебімен басым болғанымен, Алматыда өткен кездесуде Қайратқа есе жіберді. Жалпы есеп- 3:0.

Қарымта кездесуде жылдам гол көрдік. 16 жасар Дастан Сәтбаев есеп ашса, ойынның 29 миутында Жоржинью есепті еселеді. Ал жеңіс голы жартылай қорғаушы Громыконың еншісінде. Айта кететін жайт бірінші таймның аяқталар тұсында Гиорги Зария дөрекі қылығы үшін қызыл қағазбен жазаланып, алаңнан қуылған болатын.

Қайраттың келесі қарсыласы словакиялық “ФК Слован” болмақ. Алғашқы кездесу 6 тамыз күні Алматыда өтеді, қарымта кездесу 13 тамызда Братиславада өтеді деп жоспарланған.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар