$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

27 миллион теңге жымқырған футбол клубының экс-басшысы қамауға алынды

Редакция
04 желтоқсан 2024, 02:14
27 миллион теңге жымқырған футбол клубының экс-басшысы қамауға алынды Сурет авторы: ФК "Каспий"

«Каспий» футбол клубының экс-басшысы мен оның екі танысы оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражаттың ұрланғанын анықтады. 2024 жылдың 3 желтоқсанында футбол клубының бұрынғы басшысы «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді», - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер дене күшін қолданып, клуб қызметкерін айғақтарын өзгертуге мәжбүрлемек болған, сонымен қатар одан 15 миллион теңге бопсалаған.

Соңғы жаңалықтар