$ 506.7 € 593.14 ₽ 6.53

21 миллион теңге айыппұл: Дербес деректерді таратқандар қалай жазаланады?

Редакция
21 қаңтар 2026, 11:16
21 миллион теңге айыппұл: Дербес деректерді таратқандар қалай жазаланады? Сурет авторы: EGov.kz

Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар мен ұйымдарға салынатын санкциялар қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Оның айтуынша, айыппұлдың максималды мөлшерін 5 мың АЕК-ке (21,6 млн теңге) дейін жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар билік дербес деректердің жаппай таралып кетуі (утечка) үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынып отыр.

Коняшкин цифрлық трансформация үдерісі азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар