2029 жылға дейін жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу жоспары бекітілді
Сурет авторы: Qrnews
Қазақстан Республикасы Президентінің «Digital Qazaqstan жалпыұлттық ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу стратегиясын 2029 жылға дейін бекіту туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Үкімет тиісті Іс-қимыл жоспарын мақұлдады. Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойған құжат цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды: азаматтардың мүддесі, бизнес пен экономиканы дамыту, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың қызметін оңтайландыру.
Білім беру саласы
Жоспардың негізгі басымдықтарының бірі - білім берудің барлық деңгейіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау. AI-SANA бағдарламасын кеңейту аясында 2029 жылға қарай мектеп, колледж және жоғары оқу орындары түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгеруі тиіс. 2028 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің 80%-ы оқу процестеріне ЖИ технологияларын енгізіп, білім беру бағдарламаларын нарық қажеттіліктеріне сай жаңартады. Сонымен қатар студенттерді тереңдетіп даярлау және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау және қалалық инфрақұрылым
Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бірыңғай деректерді басқару модуліне көшуді және «self-service» форматындағы сервистерді дамытуды көздейді. 2029 жылға қарай медициналық ұйымдар нақты уақыт режимінде деректер алмасатын бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріліп, клиникалық шешімдер қабылдау процесіне жасанды интеллект кеңінен тартылады.
Қалалық ортада қауіпсіздік пен жайлылықты арттыру мақсатында өңірлерде «AI-Native cities & regions» интеллектуалды мониторинг және талдау жүйелері енгізіледі. Бұл шешімдер оқиғаларға жедел әрекет етуге, қауіпсіздік қызметтерінің тиімділігін арттыруға және ЖИ негізіндегі басқару платформалары арқылы ірі қалалардағы көлік жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау
Мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау саласында сервистерді проактивті форматқа көшіру, процестерді автоматтандыру және автоматты қол қою жүйелерін енгізу жоспарланған. Соның нәтижесінде 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсету мерзімі кемінде 50%-ға қысқарады.
Реалды сектор, салық және бизнес
Экономиканың негізгі салаларын цифрлық трансформациялау шеңберінде келесі міндеттер белгіленді:
- Отын-энергетика кешені: 2029 жылға қарай активтердің кемінде 70%-ы нақты уақыт режимінде жай-күйді бақылайтын цифрлық мониторинг жүйесіне қосылады.
- Құрылыс: Барлық жаңа техникалық күрделі нысандар жобалаудан бастап пайдалануға берілгенге дейінгі өмірлік циклі бойы бірыңғай цифрлық ортада сүйемелденеді.
- Көлік және логистика: «Smart Cargo» жүйесі арқылы жүк тасымалы цифрлық паспортпен қамтамасыз етіледі. Өткізу пункттері, көлік дәліздері мен мультимодальды тораптар интеллектуалды аналитикамен қамтылып, шекарадағы жүк автокөліктерінің өту уақыты қысқарады.
- Салықтық әкімшілендіру: Адамның қатысуынсыз жүзеге асатын «көрінбейтін» салықтық әкімшілендірудің интеллектуалды моделіне көшу арқылы көлеңкелі экономика үлесі азайтылады.
Шағын және орта бизнес: Тәуекелге негізделген цифрлық бақылау жүйелерін енгізу есебінен төмен тәуекелді ШОБ субъектілеріне тексерулер саны азайтылады.
Қаржы секторы, IT-экспорт және киберқауіпсіздік
2028 жылға қарай екінші деңгейлі банктердің кемінде 80%-ы ақпараттық қорғалған бірыңғай цифрлық алмасу жүйесіне біріктіріледі. «Самұрық-Қазына» АҚ құрамындағы компанияларда ЖИ-бастамалардың EBITDA өсіміне қосатын үлесін жылына 5%-ға дейін жеткізу, ал «Бәйтерек» ҰБХ-да 2029 жылға қарай инвестициялық жобаларды 100% ЖИ-мониторингпен қамту көзделген.
Сонымен бірге 2029 жылға қарай отандық IT-қызметтер мен цифрлық шешімдер экспортының көлемін кемінде 50%-ға арттыру жоспарланып отыр. Елде есептеу қуаттылықтарын орналастыру үшін «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы іске асырылады. Азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту мақсатында мемлекеттік ақпараттық жүйелер «Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау» сервисіне қосылатын болады.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
11 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын