$ 469.85 € 542.16 ₽ 5.78

2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады

Абдрахманов Мағжан
06 тамыз 2026, 09:48
2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады Сурет авторы: kff.kz/ Никита Басов

2027 жылғы 22 сәуірде Астанада УЕФА-ның 51-конгресі өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Конгреске УЕФА-ға мүше 55 ұлттық футбол қауымдастығының делегаттары, FIFA, еуропалық лигалар мен клубтардың басшылары қатысады. Жиын барысында ұйымның жаңа президенті мен Атқарушы комитетінің мүшелері сайланады.

Министрліктің мәліметінше, конгресті ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды УЕФА өз мойнына алады.

Ведомствоның хабарлауынша, конгресте қабылданатын шешімдер Еуропа футболының алдағы бірнеше жылдағы даму бағытын айқындайды.

Соңғы жаңалықтар