$ 462.31 € 536.09 ₽ 5.34

2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады?

Абдрахманов Мағжан
01 қыркүйек 2026, 10:00
2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады? Сурет авторы: Bizmedia.kz

Қаржы министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2027 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мөлшері ұсынылған.

Жобаға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып қалады. Ал айлық есептік көрсеткіш 4693 теңгеге дейін өседі. 2026 жылы АЕК 4325 теңге.

Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін 38 622 теңге, ең төменгі зейнетақыны 74 919 теңге көлемінде белгілеу ұсынылып отыр. 2026 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 35 596 және 69 049 теңге.

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 173 теңге болуы мүмкін. Қазір оның мөлшері 50 851 теңге.

Жоба бойынша жасына байланысты және еңбек өтілі үшін төленетін зейнетақы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға ұлғаяды.

Сондай-ақ мемлекет төлейтін МӘМС жарнасының мөлшерін есептеу нысанының 2,2%-ына дейін арттыру ұсынылған.

Құжат 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Соңғы жаңалықтар